Түркістан облысы Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылының әкімі Е.Меңлібековтің ұйытқы болуымен және ауыл тұрғындарының атсалысуымен жалғызбасты көпбалалы анаға үйдің кілті тарту етілді.
Г.Қайназарова – 5 баланың анасы, отағасы өткен жылы дүниеден озған. Отбасын жалғыз өзі асырап, еңбек етуде.
Көпбалалы отбасыға баспана кілтін аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен салтанатты жиында табыстады. Жиында ел ағалары игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғыс білдірді.
Жабағылы ауылының тұрғындары бұған дейін де үйі өртенген отбасыға баспаналы болуға септігін тигізген болатын. Сонымен қатар, ауыл тұрғынының емі үшін ел болып жиналып, 2 миллион 500 мың теңге қаржылай көмек көрсеткен еді.