«Тұлпар-Тальго» пойыздарының жолақы құнына жеңілдіктер енгізілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 тамыздан бастап «Тұлпар-Тальго» зауытының вагондарынан жасақталған жүрдек пойыздардың құнына жеңілдіктер енгізілмек, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру және жүрдек жолаушылар пойыздары қызметінің тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шараларды қолға алуда. Атап айтқанда, 2014 жылдың 1 тамызынан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған жүрдек пойыздардың құнында төмендегідей жеңілдіктер қарастырылмақ:

№49/50 «Алматы-Ақтөбе» пойызында: «Гранд» (СВ) санатты вагондарда - 25%; «Бизнес» (купе) санатты вагондарда - 15%. №19/20 «Атырау-Астана», №77/78 «Алматы-Атырау» пойыздарында: «Гранд» (СВ) санатты вагондарда - 10%;

Сонымен қатар №49/50 «Алматы-Ақтөбе», №19/20 «Атырау-Астана», №87/88 «Ақтөбе-Астана» және №77/78 «Алматы-Атырау» жолаушылар пойыздарының «Гранд» және «Бизнес» санатты вагондарының құны демалыс күндері мереке алды және мерекелік күндерден бөлек, жұмыс күндері тарифіне деңгейлестірілді, делінген баспасөз хабарламасында.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәлім етуінше, «Тұлпар-Тальго» вагондарының «Гранд» (СВ) санатында бес екі орындық купе бар, олар қосымша санитарлық желімен және жеке душ кабинасымен жабдықталған. «Бизнес» санатты вагондарда (жеке санитарлық желілері жоқ екі орындық) және «Гранд» вагондарында жолаушылардың ыңғайлылығы үшін кресло жақтауларында жылжымалы шағын столдар орнатылды.