Атап айтқанда, Павлодар облысында желдің күші түнде 23-28 м/с жетуі ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Атырау облысында жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Екпіні 23 м/с артуы мүмкін.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел болады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 17-22 м/с күшейеді. Сондай-ақ шаңды дауыл тұрады.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, Қызылорда облысында найзағай болады.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында тұман күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болжанады.