Тұман, көктайғақ: 18 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 18 қарашада атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Эльмира Оралбаева/Kazinform

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, көп өңірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, солтүстікте боран соғады.

Тек оңтүстік-шығыста aнтициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында күші 30 м/с жел тұрады.