Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейіп, елдің шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -13 -15°С, күндіз -7-9°С болады.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел соғады, екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз 5 7°С болады.
Шымкенттекөшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, қарқыны - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 1 3°С, күндіз 10 12°С болады.