Синоптиктердің болжамына сәйкес ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар жауып, бұрқасын болады.
— Батыс аумақтарда жауын-шашын қар және жаңбыр түрінде жауады. Антициклон сілемінің ықпалында елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығыс өңірлері болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі, — делінген хабарламада.
Бұған дейін «Қазгидромет» РМҚ демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.