Тұман, көктайғақ, жел: Қазгидромет бүгінгі ауа райы болжамын жариялады

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 19-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, еліміздің басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай күн құбылып тұрады, жаңбыр жауады.

Елдің солтүстігінде, орталығында тұман, солтүстігінде, шығысында, орталығында жел күшейеді, солтүстігінде көктайғақ, оңтүстік-батысында күндіз шаңды дауыл көтеріледі.

Осыған дейін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарладық.