«Қалың тұман түскендіктен, екі бағытта да жергілікті уақыт бойынша сағат 4:35-те кеме қозғалысы уақытша тоқтатылды», - делінген хабарламада.
Мәрмәр теңізі аймағында Босфор мен Дарданеллада кеме қозғалысы өткен аптада бірнеше рет қалың тұман салдарынан тоқтатылған болатын. Бұл оқиға Ыстамбұлдың Азия бөлігіндегі Сабиха Гекчен атындағы әуежай жұмысына кедергі келтірді.
Фото: gettyimages.com