Тұман, шаңды дауыл, найзағай: 28 наурызға ауа райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болатынын хабарлады.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Кең ауқымды антициклон әсерінен, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, кей өңірде ауа райы қолайсыз болады. Еліміздің батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

Солтүстікте көктайғақ болып, батыста, оңтүстікте, шығыста, орталықта — жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Еліміздің біраз өңірін тұман басады. 

Айта кетейік, алдағы демалыс күндері кей өңірде 30 градус ыстық болады.