Атмосфералық фронттальды бөліктерден тұратын оңтүстік циклон Қазақстанның барлық аумағын қамтиды.
Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік және орталық аймақтарда қар жауып, боран соғады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде қар жаууы күшейеді. Ал батыс аймақтарда ауа райы салыстырмалы түрде тұрақты болады.
Республика бойынша желдің екпіні мен тұманның күшеюі байқалады. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жолдарда көктайғақ жағдайы қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығыс бөлігінде қатты аяз күтіледі.
Бұл жағдайлар жол қозғалысына және тұрғындардың күнделікті өміріне әсер етуі ықтимал. Сондықтан сақтық шараларын күшейту ұсынылады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда PM2.5 деңгейі ДДҰ нормасынан 6 есе асып, ауаның ластануы 30%-ға өскен.