Тұман түсіп, жел екпіні күшейеді: 3 наурызға арналған ауа райы болжамы

Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – 3 наурызда Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының таулы аймақтарында түнде қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігі мен тау бөктерінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады деп болжанып отыр. Сонымен қатар солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы қаласында 3 наурызда тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман мен көктайғақ сақталады, желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстік және шығыс аймақтарында тұман түседі. 

Атырау облысының батысында көктайғақ, батысы, оңтүстігі мен шығысында тұман байқалады. Күндіз облыстың солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерінде шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с аралығында болады. Атырау қаласында 3 наурызда түнде және таңертең тұман түседі, күндіз кей уақытта шаңды дауыл күтіледі, желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстік және шығыс аймақтарында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды қаласында 3 наурызда қар жауып, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. 

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде түнде көктайғақ, ал батысы, солтүстік-шығысы және орталығында тұман болады. Ақтауда 3 наурызда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіліп отыр. 

Қызылорда облысының солтүстік бөлігінде және орталық аймақтарында жолдарда көктайғақ пен тұман күтіледі.

Астанада 3 наурызда түнде және күндіз аз мөлшерде қар жауып, жаяу бұрқасын болады деп болжануда. Жел оңтүстік-батыстан соғып, түнгі екпіні 15-18 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Күндіз облыстың батысы мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын сақталады. Сонымен қатар облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Түнде кей уақытта қар қалың жауып, тұман мен көктайғақ байқалады. Таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Тараз қаласында 3 наурызда кей уақытта тұман мен көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-18 м/с болады.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр мен қар), көктайғақ болады. Облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы аймақтарында тұман түседі. Күндіз тау аслуларында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Шымкент қаласында 3 наурызда түннің бірінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр мен қар), түнде және таңертең тұман болады деп болжануда. Түркістан қаласында 3 наурызда түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскемен қаласында 3 наурызда қар жауып, бұрқасын болады деп күтіліп отыр. 

Абай облысында 3 наурызда қар жауып, бұрқасын соғады деп болжануда. Облыстың батысы, солтүстігі және орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Семей қаласында да қар жауып, бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пайда болады, ал солтүстік пен шығысында тұман түседі. Жел күндіз оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с шамасында болады. Қостанай қаласында 3 наурызда күндіз көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс аймақтарында көктайғақ, ал батыс, солтүстік және оңтүстік бөліктерінде тұман болады. Орал қаласында 3 наурызда күндіз көктайғақ пен тұман күтіледі.

Ақмола облысында түнде, сондай-ақ күндіз облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында аздап қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік және шығыс аймақтарда оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының оңтүстік, шығыс, орталық және таулы аудандарында кей уақытта тұман мен көктайғақ байқалады. Облыстың шығысындағы таулы аймақтарда желдің екпіні 15-20 м/с, ал Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорған қаласында 3 наурызда түнде және таңертең тұман болады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазгидромет сәуір айындағы ауа райы болжамын жариялады.