Тұман түсіп, жел күшейеді: 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК 30 қаңтардағы ауа райы болжамын жариялады. 

Республиканың басым бөлігінде қар, кей аумақтарда қар аралас жаңбыр жауады. 

Күндіз еліміздің оңтүстік-шығысында қалың қар күтіледі. Тек Қазақстан Республикасының батысы мен оңтүстік-батысында қарсыз ауа райы сақталады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, бұрқасын жүреді. Тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ауа райына байланысты үш облыста жол жабылатынын хабарлаған едік.