Тұман, жел, бұршақ: 22 мамырға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет мамандары 22 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттар әсерінен найзағай ойнап, екпінді жел соғады, солтүстікте бұршақ жауады. Алматы облысының таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел соғады.

Қарағандының оңтүстігінде, Қостанайда, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорданың шығысында, батысында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батыста, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында төтенше өрт қаупі бар.