Скандинавия аймағынан келген циклонның әсерінен ҚР басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Тек еліміздің батысында ғана Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн ашық болады.
Павлодар, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жел қарқыны 23-28 м/с дейін күшейеді.
Түнде Қостанай облысының кей аймақтарында, күндіз - басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлеінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды, Ақмола облыстарында желдің күші 15-20 м/с дейін екпіндейді.