Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 9 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі: жаңбыр жауады; батыста түнде қатты жаңбыр болып, найзағай ойнайды. Республика бойынша екпінді жел соғып, солтүстік-батыста және шығыста тұман түседі.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Атырау облысының орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі болады" делінген хабарламада.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.