Тұман, жел, жауын-шашын: Сенбіге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 12 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де оңтүстік циклон ықпалында болады.

Осыған байланысты жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Тек Казақстанның қиыр солтүстік-шығысында суық антициклонның әсерінен жауын жаумайды, күн ашық.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын. Желдің қарқыны - 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды, желдің күші 15-25 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жел екпіні 18 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, түнде облыстың батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде – тұман, күндіз облыстың батысында жел қарқыны - 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында - тұман, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында – жаяу бұрқасын, тұман, облыстың солтүстігінде, батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде – тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде – жая бұрқасын, түнде және таңертең жел екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде - көктайғақ, облыс орталығында – тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жел 15-25 м/с дейін күшейеді.