Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 21 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Әлі де, республикамыздың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын көбінесе қар түрінде жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.