Тұмар-2025: JIBEK JOLY телеарнасы екі номинация бойынша жеңімпаз атанды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Тұмар-2025» ұлттық телевизиялық сыйлығының иегерлері анықталды.
«Ең үздік әлеуметтік тележоба» номинациясы бойынша JIBEK JOLY телеарнасының «Таза қала» жобасы үздік деп танылды.
Аталған номинацияға үміткерлер тізімінде 24KZ телеарнасының «Таза Қазақстан», QAZAQSTAN TV телеарнасының «Жақсылық жаса», АSTANA TV телеарнасының «Әке арманы» жобалары болды.
Сонымен қатар «Ең үздік деректі фильм» номинациясы бойынша JIBEK JOLY телеарнасының «Человек с острова Кулалы» фильмі жеңімпаз атанды.
Аталған номинация бойынша үміткерлер тізімінде ATAMEKEN BUSINESS телеарнасының «Вандализммен күрес», QYZYLJAR телеарнасының «Закладчики. Расплата», Хабар телеарнасының «Олимпийские свершения: казахстанские герои Парижа» деректі фильмдері болған.
Айта кетейік, биыл байқауға қатысу үшін 11 номинация бойынша жетекші республикалық және өңірлік телеарналардан 300-ден астам өтінім келіп түсті. Шорт-листке 44 жұмыс енді.
Тұмар-2025 ұлттық сыйлығына үміткерлердің қысқа тізімі жарияланғанын жазған болатынбыз.