«Тұмар» мен «Үркер» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін елордада ұлттық телевизиялық «Тұмар» және «Үркер» сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды. Биыл екі жоба алғаш рет Qazaqstan Media Awards ұлттық медиа сыйлығы аясында біріктірілген еді. Салтанатты рәсімге еліміздің әр өңірінен келген жүздеген медиа маман қатысты.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Тұмарға да, Үркерге де, «Astana media week» де биыл 10 жыл. Он жыл деген оңай белес емес. Оған жету үшін үлкен еңбек керек. Мемлекет әрдайым кәсіби журналистерді қолдауға мүдделі. Мемлекет басшысы да журналистика саласына ерекше көңіл бөліп, сала өкілдеріне қолдау көрсетіп келеді. Менің ойымша, алдағы уақытта да мемлекеттің медиа саласына қатысты саясаты өзгермейді. Сіздер мемлекет қолдауын сезініп, оның қамқорлығында боласыздар деп сенемін, - деді алғы сөзінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Биыл сайысқа 12 аталым бойынша 600-ден астам өтінім қабылданған. Олардың қатарында телевизия, баспасөз, интернет және радио салаларындағы журналистік жұмыстар бар.

Заманауи медиатехнологиялар мен тың форматтарға да назар аударылды. Биыл алғаш рет «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» атты арнайы аталым енгізілді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Ал байқау жеңімпаздары төмендегідей:

*«Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:*

- «Жылдың үздік журналисі» — Bestnews.kz Жанар Сердалина

- «Үздік радиожоба» — Қазақ радиосы - «Ойтұма» бағдарламасы

- «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» — Aıtainews Media Centre - «Al - жан»

- «Үздік медиа жоба» — Tengrinews - Tengri TV

- «Жылдың үздік материалы» — Мирамгүл Рахатқызы

– «Ақтөбе» газеті – «Жасанды интеллект: адамзат жаңа дәуірге аяқ басты»

- «Үздік талдамалық материал» — Лаура Тусупбекова - «Казахстанская правда», «Моя ДНК - наше богатство»

«Тұмар» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

- «Үздік тележүргізуші» — Вероника Вишневская - «Еуразия» бірінші арнасы

- «Үздік деректі жоба» — 24 KZ «4739» (ағзаны трансплантациялау туралы)

- «Үздік телевизиялық материал» — Qazaqstan теларнасы - «Қарқынды құрылыс»

- «Үздік әлеуметтік жоба» — Jibek joly - «Правда в деталях»

- «Үздік телехикая» — Astana TV «Ауыл бапкері»

- «Үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама» — 7-арна - «Новости»

Айта кетейік, 2025 жылы өткен «Тұмар» ұлттық сыйлығында JIBEK JOLY телеарнасы екі номинация бойынша жеңімпаз атанған еді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform