«Тұмар» телевизиялық байқауының жаңа маусымы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жаңа маусымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы жылы байқау 9 номинация бойынша өткізіледі. Үміткерлер, «Үздік телевизиялық сериал», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік деректі фильм», «Үздік ақпараттық-талдау бағдарламасы», «Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы», «Үздік ойын-сауық жобасы», «Үздік өңірлік тележоба», «Үздік тележурналист», «Үздік тележүргізушісі» аталымдарында бақ сынайды.

«Байқауға бірегей телевизиялық жобалар қатыстырылады. Сыйлық алуға ұлттық және аймақтық телевизиялық хабар тарату компаниялары, студиялар, продюсерлік орталықтар және телевизиялық контентті өндіретін медиа индустрияның басқа да ұйымдары қатыса алады», - делінген хабарламада.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында 2019 жылғы 20 наурызда өтеді.

Өтінім беру 10 наурызда сағат 18:00-де аяқталады. Байқау туралы толық ақпаратпен сайтта , сондай-ақ Facebook, Instagram желілерінде танысуға болады. Конкурстық жұмысқа сілтеме жасай отырып, өтінімді tumar@kmo.kz электрондық поштаға жіберу қажет.