«Тұмар» телевизиялық сыйлығынан 214 жұмыс үмітті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Тұмар» телевизиялық сыйлығынан 214 жұмыс үмітті. Бұл жайында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қымбатты достар, 7 наурызда «Тұмар» телевизиялық сыйлығы үшін өтініштер қабылдау аяқталды. Бұған дейін айтылғандай, бұл жобаның мақсаты - журналистер қауымын шығармашылық ізденіске ынталандырып, осы саланың дамуына серпін беру.  Сонымен, 12 аталым бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 214 жұмыс келіп түсті. Алдағы уақытта бұл жұмыстар ақпарат саласындағы танымал тұлғалардан құралған қазылар алқасының іріктеуінен өтеді. Ал, марапаттау рәсімі 17 наурызға белгіленіп отыр», - деп жазды министр.