«Тұмар» телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Атап айтқанда, «Ең үздік деректі кино» аталымы бойынша «Хабар» телеарнасының «Ұлы қазақтардың құпиясы мен тағдыры» жобасы;
«Ең үздік әлеуметтік жоба» аталымында «Қазақстан» телеарасының «Айтуға оңай» жобасы;
«Ең үздік ақпараттық бағдарлама» аталымында «31» телеарнасының «Информбюро» бағдарламасы;
«Ең үздік ақпараттық-талдамалы бағдарлама» аталымында «Қазақстан» телеарнасының Апта.kz бағдарламасы;
«Ең үздік музыкалық бағдарлама» аталымында "TV Key" ЖШС-нің "Музыкальный перфоманс" бағдарламасы;
«Ең үздік ток-шоу» аталымында «КТК» телеарнасының «Біздің шындық» - «Адам тағдыры» ток-шоуы;
«Ең үздік телевизиялық телехикая» аталымында «Қазақстан» телеарнасының «Әке» сериалы;
«Ең үздік әзіл-сықақ бағдарламасы» аталымында «Балапан» телеарнасының «Күлегеш» бағдарламасы;
«Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы» аталымында "Atameken Business Channel" жобасы;
«Телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін» аталымында қазақ тележурналистикасының ардагері Сұлтан Оразалы;
«Ең үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама» аталымында «Қазақстан-Атырау» телеарнасының «Адасқандар» жобасы;
«Ең үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама» аталымында Ақтөбе қаласының «Рика ТВ» телеарнасының «Город сегодня» жобасы жеңіп алды.