Оның айтуынша, негізгі қауіп тобына созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқан егде жандар және медицина қызметкерлері кіреді.
«Қыркүйек айының басында тұмауға қарсы вакцинация басталады. Күзгі-қысқы кезеңде тұмауға қарсы екпені 400 мың алматылық алады. Сондай-ақ, 130 мың доза жеткізіледі деп күтудеміз. «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторына тұмауға қарсы вакцинаның 300 мың дозасына қосымша өтінім берілді»,- деді Камалжан Надыров.
Сонымен қатар ол тұмауға қарсы тегін вакцинаны кімдер алатынын айтты.
«Медициналық бақылаудағы балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жүкті әйелдерге, созылмалы жүрек-тамыр жүйесі аурулары бар және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тыныс алу органдары дертіне ұшырағандар, медицина қызметкерлеріне вакцина тегін салынады»,– деді ол.