Тұмауға қарсы вакцина егілгеннен кейін бірнеше оқушы учаскелік емханадан бір-ақ шыққан, деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі Ростов облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
«Анықталғандай, қазанның 15-інде №16 мектептің 6-7-інші сыныптарының 35 оқушысына вакцина егілген», деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен. Дереккөздің ақпараты бойынша, вакцина «Фармацевт» ұйымының қоймасынан түскен. Прокуратура мәліметіне сүйенсек, вакцина ампулаларында «Гриппол» деген жазу болған. Біраз уақыттан кейін ата-аналары ерткен әлгі тоғыз оқушы №2 балалар ауруханасына бастары ауырып, лоқсып, дене қызулары көтеріліп түскен. Олардан басқа тағы екі оқушының дене қызуы көтерілген.
Аталмыш факті бойынша «Роспотребнадзор» агенттігі, аудандық прокуратура және аудандық ішкі істер бөлімі тексеру жүргізіп жатыр.