АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Түмен қаласындағы «Строитель» ұлттар мәдениеті сарайында Қозы Көрпеш-Баян сұлу спектаклі қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА РФ-дағы Қазақстан Елшілігінің сайтына сілтемемен.
Шара 15 сәуір - қазақтардың Ғашықтар күні мерекесіне орай өтті. Бұл күн Ресейде 2011 жылдан бері аталып өтіп келе жатыр.
Рөлдерді Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының жас белсенділері сомдады. Ең кішісі - 12 жаста, ең үлкені - 28 жаста. Ұжым шығармашылық жұмысты жүзеге асыруға барынша жауаптылық танытқан.
Шара соңы «Строитель» ұлттар мәдениеті сарайының жас белсенділері мен қазақтардың шығармашылық ұжымы даярлаған концертке ұласты.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.