Жол-патруль қызметі ТЖМ шақырып, жолаушыларға өз термостарынан шай құйып берді. Ембаево ауылдық әкімшілігінің басшысы уақытша тұру орнын дайындады. Вахташылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Облыстағы мемлекеттік автоинспекцияның хабарлауынша, қозғалыс қауіпсіздігі үшін жолақтардың бірі уақытша жабылды, десе де көлік қозғалысында еш қиындық туындаған жоқ.
Автобус оталды және жолаушылар жақын арада жолға шығады. Бірақ, автобусқа техникалық тексеру жүргізу барысында қауіпсіздік белбеулерінің жоқ екені анықталып, техникалық жарамсыз деп танылды.
10:08, 14 Қараша 2016
Түмен түбінде қазақстандық вахташылар мінген автобус қатып қала жаздады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түмен-Ханты-Мансийск трассасының 22-шақырымында Қазақстан вахташылары мінген автобус қатып қала жаздады. Автобус Тобыл қаласынан Қостанайға келе жатқан. Жағармай мұз болып қатып, автобус қозғалтқышы істен шыққан. Кезекшілікке шыққан жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік инспекция оларды дер кезінде тауып алды, деп хабарлайды «Комсомольская правда-Тюмень».