Түменде ең сұлу қазақ қызын таңдады (ФОТО)

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Түменнің «Сұлу қыз - 2012» («Қазақ аруы - 2012») ІІІ облыстық ашық байқауының жеңімпазы түмендік Марияш Жаңбыршинова болды.

Вице-мисс атағын Бердюжский ауданынан Асыл Керібаева жеңіп алды, деп жазады «Вслух.ру» порталы.

15 желтоқсан күні «Құрылысшы» ұлттық мәдениеттер сарайында өткен байқаудың ақтық сайысына 16 қыз қатысты. Олардың он екісі - Түменнен.

Арулар Қазақстанның мемлекеттік тілін және дәстүрін білуден жарысты, елдің төл халқының билерін және әндерін орындады. Онымен қоса бойжеткендер кешкі көйлектердің үлгілерін көрсетті.

 «Құрылысшылар» сарайы лық толы болды, аруларды қолдауға олардың туғандары, достары және қазақ диаспорасының өкілдері жиналды. Қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының Түмен облысындағы Құрметті консулы Сеялхан Макаш, Түмен облысындағы Қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының президенті және өкілі Есімхан Жантасов және Есенғали Ыбраев, «Құрылысшы» сарайының және ұлттар істері жөніндегі өңірлік комитеттің өкілдері болды.

Жеңімпаз ару өткен жылғыдай, жаңа Daewoo Matiz көлігін алды. Вице-миске 30 мың рубліне сертификат берілді.