«5 қараша күні 00:38-де Алматы қ. ТЖД «101» пультіне Бостандық ауданы, Мұстафин көшесі 83/5-үйде автокөліктің өртенуі туралы хабарлама келіп түсті. Өрт бөлімшелері оқиға орнына 00:58-де келді және «Альфа Ромео» автомашинасында от тұтанып, қасындағы «Ниссан Кашкай» көлігімен бірге жанып кеткен. Жақын тұрған «Фольксваген Поло» автомобилін де өрт жалыны шарпыған. Сағат 01:01-де өрт ауыздықталды және 01:06-да толық сөндірілді», - деді Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрттің жалпы аумағы 6 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
09:59, 05 Қараша 2016
Түнде Алматыда үш автокөлік жанып кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Түнде Алматыда үш автокөлік жанып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Алматы қ. ТЖ департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап хабарлайды.