Түнде Астанада салынып жатқан «Хат Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында өрт болды - ТЖМ

СТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Астанада салынып жатқан «Хат Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында өрт болды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, сәуірдің 28-інен 29-ына қараған түні орталықтың сыртындағы ағаш қаптамалар жанған. Жалын құрылыс алаңының 30 шаршы метр аумағын шарпыды.

Ведомстводан анықтағандай, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің жеке құрамдағы 13 адамы мен 3 техниканың күшімен 40 минутта ауыздықталды.

Еске сала кетейік, «Хатын Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы биылы жылғы мамыр айының соңында пайдалануға берілуі тиіс. Бірегей нысанның жалпы аумағы 133 мың шаршы метр, биіктігі 150 метр. Оның құрылысында 1 мыңнан астам жұмысшы еңбек етуде.