Түнде ШҚО кенішінде өрт болды, 450-ге жуық жұмысшы қауіпсіз жерге шығарылды

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше түнде ШҚО-ның Риддер қаласында Риддер-Сокол кенішіндегі «Алтын-Тау Шығыс» ЖШС-ның өңделген ағаш материалдар жалындай бастады.

Өрт төрт сағаттан кейін ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ «Әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы» ММ-нің 31 маманы мен 5 техникасы жұмылдырылды. Өрт алты шаршы метр аумақты шарпыды. 443 адам қауіпсіз жерге шығарылды, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.