ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада құтқарушылар Сырдария өзеніне суға түсіп, жағаға жете алмай қалған адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төтенше жағдайлар қызметіне 23 тамызда сағат 00.55-те шақырту түсті. Онда облыс орталығындағы сол жағалауға баратын көпірдің астында 1998 жылғы азаматтың суға түсіп, жағаға жете алмай қалғаны жөнінде айтылған.
«Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы 1 үрлемелі қайық және 1 техникамен барды. Оқиға орнына барғаннан кейін құтқарушылар Сырдария өзеніндегі көпірден шамамен 300 метр жерден жағалауға шыға алмай қалған адамды анықтады. Түнгі суықта тоңып қалған оны құтқарушылар зембілмен тасымалдап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бұдан бұрын екі жасөспірім қыз бала каналға батып кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.