Түнгі жанжалда газ тапаншасын қолданған ер адамға үкім шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қала тұрғыны түнгі уақытта өзге адамдар арасында орын алған жанжал барысында газ тапаншасынан әуеге 2 рет оқ атқан, сондай-ақ олардың біреуіне қарай 1 рет оқ атқан.

Фото: pexels

Жәбірленуші дер кезінде қашып үлгергендіктен оқтың тиіп кетуінен аман қалған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Елорда прокуратурасы азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады. Күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы, сондай-ақ қаруды не өзгеде заттарды пайдалана отырып қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген. 

Айта кетелік Оралда қызды ұрған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды