Елорданың түнгі жарықтандырылуы бас қалаға ерекше көрік сыйлайды.
Астана әкімдігінің мәліметі бойынша, бүгінде елордада 50 мың жарық нүктесі орналастырылған: олардың 30 мыңы жол бойында орналасқан және ұзындығы 10 метрді құраса, қалған 20 мыңы саябақтар мен гүлзарларды жарықтандырады. Күнделікті Астананың түнгі жарықтандырылуына 67 мың кВт/с электр қуаты жұмсалады.
Түнгі жарықтандыру жұмыстарын 2003 жылы құрылған «Астана қалалық жарық» компаниясы жүзеге асырады. Аталмыш мекеме көше жарықтандыруына арналған жүйелерді техникалық қамтамасыз етеді.
«ҚазАқпарат» ХАА сіздерге түнгі астананың әсем көріністерін ұсынады.