Түнгі ұрылар оқушылар болып шықты - Павлодар

None
ПАВЛОДАР. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласының маңындағы Ленинский кентінде бір топ жасөспірім төрт ұрлық жасады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Түн жарымда олар ауылдастарының сарайларына кіріп, бірінің бұзауын ұрлаған, екінші біреудің ауласынан саулықты алып кеткен. Тағы бірнеше күннен кейін зейнеткер зардап шеккен - ұрылар оның сарайынан құны 15 мың теңге тұратын неміс велосипедін ұрлаған. Мамырдың 26-сы күні түнде тағы бір бұзау қолды болған. Ауыл тұрғындарына жалпы сомасы 75 мың теңгенің шығыны келтірілген. Ленинский полиция бөлімінің қызметкерлері «түнгі қонақтардың» барлығын анықтады ? олар 1993-1994 жылы туған үш оқушы болып шықты. Заттай айғақтардың барлығы тәркіленіп, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып отыр.