Тұңғыш «Агросауат» орталығын ашуға Меркі ауданының таңдалуы кездейсоқ емес —Эльдар Жұмағазиев

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандағы алғашқы «Агросауат» оқу-әдістемелік орталығы Жамбыл облысының Меркі ауданында ашылды. Бұл ауданның ауыл шаруашылығы әлеуеті жоғары және табиғи жағдайлары қолайлы.

Фото: ztgzt.kz

«Агросауат» орталығын ашу үшін неліктен Меркі ауданы таңдалғанын AMANAT партиясы түсіндіріп берді.

«Меркі ауданының таңдалуы кездейсоқ емес. Біздің сарапшылар елдегі әрбір ауылдық округке скрининг жүргізіп, экономикалық перспективасына талдау жасады. Осылайша, Меркі ауданында 9 бағытта тауар өндіріп, адамдардың табысын көбейту мүмкіндігі барын анықтадық. Қазір сол 9 бағыт бойынша орталықта оқыту басталып кетті» - деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

AMANAT партиясы ауыл шаруашылығын дамытуға және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға белсенді түрде атсалысып келеді. Бұл бастама ауыл тұрғындарының өмірін жақсартып, елдің экономикалық болашағын нығайтуға бағытталған.