Тұңғыш рет күштік құрылымдар FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race турнирі өтті

Фото: Фото: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен 2025 жылғы 17 сәуірде «Майлан» далалық оқу орталығында Қазақстанда тұңғыш рет күштік құрылымдар FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race турнирі өтті.

Сайысқа ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, т.б. құрылымдардың командалары қатысты.

Фото: ҚР Мемлекетік күзет қызметі

Турнирдің серіктесі – «Ashyk Aspan Foundation» білім және ғылым қоры.

Сайыс нәтижесінде ҚР МКҚ командасы жеңімпаз атанды, екінші орында ҚР ҰҚК «А» арнайы жасағы командасы, ал Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командасы үшінші орынға ие болды.

FPV-дрондарды басқару турнирі осы саладағы мамандардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталды.

Фото: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі

- Сайыс оларға жаңа жүйелерді басқару дағдыларын жетілдіріп, практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғыларын тактикалық қолдану саласын одан әрі дамытуға үлесін қосты деуге болады, - делінген ҚР Мемлекеттік күзет қызметі таратқан хабарламада.

Фото: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі

Осыған дейін әскери шеруге байланысты Алматы мен Астана бағытындағы ұшақ рейстерінің кестесі өзгеретіні туралы хабарладық.

Фото: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі
Фото: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі
Фото: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі
Фото: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі