Сайысқа ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, т.б. құрылымдардың командалары қатысты.
Турнирдің серіктесі – «Ashyk Aspan Foundation» білім және ғылым қоры.
Сайыс нәтижесінде ҚР МКҚ командасы жеңімпаз атанды, екінші орында ҚР ҰҚК «А» арнайы жасағы командасы, ал Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командасы үшінші орынға ие болды.
FPV-дрондарды басқару турнирі осы саладағы мамандардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталды.
- Сайыс оларға жаңа жүйелерді басқару дағдыларын жетілдіріп, практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғыларын тактикалық қолдану саласын одан әрі дамытуға үлесін қосты деуге болады, - делінген ҚР Мемлекеттік күзет қызметі таратқан хабарламада.
Осыған дейін әскери шеруге байланысты Алматы мен Астана бағытындағы ұшақ рейстерінің кестесі өзгеретіні туралы хабарладық.