Қала күні қарсаңында елге танымал әншілердің, сондай-ақ өнердің табалдырығын енді ғана аттаған жас орындаушылардың, музыканттар мен әннің мәтінін жазушы ақындардың осы байқауға белсене қатысуы арқасында Алматы туралы жаңа әндер пайда бола бастады.
Конкурс жас дарынды композиторлар мен жас орындаушыларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп, қазіргі музыкантардың, ақындардың қарым-қабілетін шыңдай түсуге және сүйікті қаламыз туралы жаңа әндерді өмірге әкелулеріне ойдағыдай ықпал ету мақсатында өткізілмек.
Байқау аясында қазақстандық эстада жұлдыздарының концерттік бағдарламалары ұсынылмақ.