«Нақтыланған бюджет аясында ҚР Тұңғыш Президенті кеңсесінен шамамен 130 млн теңгені қысқартатын боламыз. Қаражат 1-1,5 млрд теңгесі шамасында бөлінген. Содан шамамен 130 млн теңгені алып тастаймыз. Бұл тек осы жылға ғана», - деді Дәурен Темірбеков Сенатта 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын талқылаудан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Естеріңізге сала кетсек, 15 ақпанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған еді.