Бүгінгі күні елордада 327 ардагер тіркелген. Тұңғыш Президент Күні қарсаңында оларға арнайы сыйлық дайындалды. Қала әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлағанындай, «Нұрлы Астана» қоғамдық бірлестігімен бірге барлық Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлеріне азық-түлік тағамдарын алу үшін 10 000 теңге материалдық көмек беріледі. Ол үшін «Цеснабанк» АҚ-дан арнайы карточка шоты ашылады.
14:08, 08 Қараша 2012
Тұңғыш Президент Күні ардагерлерге қаржылай сыйлық беріледі
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент Күніне ардагерлерге 10 000 теңге материалдық көмек беріледі, деп хабарлайды astana.kz сайты.