Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған жиында үздік ӘҚК қызметшілері марапатталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

Авиаторлар алдында сөз сөйлеген ӘҚК бас қолбасшысының бірінші орынбасары - бас штаб бастығы генерал-майор Марат Уашпаев осы мерекенің Қазақстан мемлекеттілігінің дамуындағы маңызын және Н.Ә. Назарбаевтың саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда ауқымды реформалар жүргізудегі ролін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан көшбасшысы ұсынған бағыттың арқасында тарих тұрғысынан азғана мерзім ішінде экономикасы нық заманауи мемлекет құрылды», - деді ол.

«Бүгінгі таңда біздің елімізді бүкіл әлемдік қауымдастық таниды, Мемлкет басшысының әлемдегі және өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы бастамалары халықаралық деңгейде танылды», - деді ӘҚК бас қолбасшысының орынбасары.

М. Уашпаев жеке құрамды мемлекеттік мерекемен құттықтап, оларға мықты денсаулық және қоғамның игілігі мен мемлекеттің гүлденуі жолындағы қызметте табыс тіледі.

Жауынгерлік даярлық пен кәсіби шеберліктерін арттыруда үздік нәтижеге қол жеткізген авиаторлар Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бұйрығымен атап өтілді.

Әскери қызметшілердің алдында жас музыканттар өнер көрсетті. № 2 балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармаларын орындады, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.