Жарыс «Қазақ Елі» монументінен бастау алды. Астана қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтың бастамасымен ІІД барлық бөліністерінің полиция қызметкерлері спорттық киіммен 2400 метр қашықтыққа есептелген қала көшелерінде жүгіріп өтті.
Жарыс соңы «Қазақ елі» монументінде аяқталды. «Президенттік миля» жүгіру жарысының қатысушыларының айтуынша, жылдан-жылға аталған шараға қатысуға ниет білдіретін полицейлердің қатары көбейіп келеді. Жарыс ұйымдастырушылары шараға мерекелік рең беретін әуенді ойнатса, полиция қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінінен құралған қолдаушылар сайысқа түскен сақшыларды жарыстың басынан аяғына дейін демеп отырды. Қызу дода мәресіне жетісімен, сақшылар Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, барлығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Құқық қорғау өкілдеріне жүктелген жауапкершілік пен міндеттермен қоса, салауатты өмір салтын ұстанып оны насихаттау - талаптардың бірі. Бүгінгі «Президенттік миля» жүгіру жарысы осының дәлеліндей. Спорттық шарасының соңында полиция қызметкерлері үш мәрте «Ура!» деген ұранмен баршаны Тұңғыш Президет күнімен құттықтады.