Тұңғыш Президент күніне орай тұрмысы төмен барлық отбасыларға азық-түлік қалталары үлестірілетін болады, деп хабарлайды «Байтерек» халықаралық баспасөз орталығы.
«Жиынтыққа 50 келі картоп, 25 келі күріш, 5 келі қант пен 5 литр күнбағыс майы енгізілген. Барлық азық-түлік тағамдары қарашаның 28-інен 30-ына дейін аталған отбасылардың үйлеріне апарып беріледі», - деді Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Әбуова.