Актер Елбасының рөлiн сомдау барысында халық алдында үлкен жауапкершiлiк сезiнгенiн айтады.
«Бұл тарихи бейне. Әрине, жауапкершiлiк үлкен. Соған қарамастан халық пен Президент бiзге өз батасын бердi», - дейдi ол.
Айта кетейiк, Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тығырықтан жол тапқан» фильмiнiң премьерасы өтуде.
ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясының ҚР Тұңғыш Президентi жайлы түсiрiлген «Тығырықтан жол тапқан» фильмi «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртiншi бөлiмi болып табылады.
Онда Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың 1970-шi жылдардағы еңбек жолы, саясатқа ендi ғана қадам басқан сәттерi суреттелген. Фильмнiң режиссерi - Рүстем Әбдiрашов.
Еске сала кетейiк, 2011 жылдан берi «Елбасы жолы» киноэпопеясы түсiрiлiп келе жатыр. Бұның алдында киноэпопеяға «Балалық шағымның аспаны» (2011), «Отты өзен» және «Темiр тау» (2013) фильмдерi енген болатын.
«Тығырықтан жол тапқан» фильмiнiң түсiрiлiмi 2014 жылы ақпан айында басталды. Киноға қазақстандық актерлермен бiрге Валентин Гафт, Евгений Сидихин, Владимир Стеклов, Евгений Стычкин, Виктор Сухоруков сынды ресейлiк актерлер ендi. Елбасының бейнесiн қазақстандық актер Нұрлан Әлiмжанов сомдады. Фильм көпшiлiк назарына 4 желтоқсанда Қазақстанның 25 қаласында 50 кинотеатрда тарту етiледi деп жоспарланған.