Бүгінгі Мәжіліс отырысынан кейін тілшілер «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» заңның күшін жоюы мүмкін бе деген сұрақ қойды.
«Иә деп ойлаймыз, құжаттар пакетінде қарастырылған. Бірақ шешімді тұрғындар референдумда қабылдайды. Егер бұл үшін қоғам дауыс берсе, тиісінше, мұндай шешім одан әрі қабылданатын болады», - деп жауап берді Арман Қожахметов.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеньде «иә» немесе «жоқ» деген қысқа жауаптар көзделетінін түсіндірген еді.