Аты-жөні құпия күйінде сақталған қыз бас сүйегінің қалыңдығына байланысты ауруға душар болды. Яғни, оның сүйегінің қалыңдығы қалыпты 1,5 см-ның орнына 5 см-ны құраған. Сүйектен болған қысым бет қимылына ықпал етіп, мидың кейбір қызметтерінің жоғалуына қауіп тудырды.
Business Insider-дің жазуынша, дәрігерлер қызға бас сүйекті алмастыру бойынша ұсыныс жасаған. Трансплантат пластиктен 3D-принтерде басылып, қыздың бас сүйегінің пішініне толық сәйкес келген екен.
Бұл ота бірнеше ай бұрын жасалып, оның нәтижелері ойдағыдай болды. Қазіргі кезде аталған азаматша өзінің күнделікті өміріне толықтай оралды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жапондық пластиктен 3D-принтерде тапаша жасап шығарған еді. Отты қаруды жасауға ол жарты келі пластик пен 3D-принтерді пайдаланған.