Сайлаушылардың 85 пайызының дауысын санаған сайлау комиссиясының дерегіне қарағанда, Пак 51,6 пайыз дауыс жинаған. Оның басты қарсыласы, біріккен демократиялық партияның өкілі Мун Чже Ин 48 пайыз дауыс алды.
Елдегі президент сайлауына халықтың 75,8 пайызы қатысты.
Оңтүстік Кореяның қазіргі президенті Ли Мен Бак елді 2013 жылдың ақпанына дейін басқарады, деп хабарлайды «Азаттық».
08:09, 20 Желтоқсан 2012
Тұңғыш рет әйел адам Оңтүстік Кореяның президенті болды
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның тарихында тұңғыш рет әйел адам - биліктегі "Сэнури" партиясының кандидаты Пак Кын Хе ел президенті болып сайланды.