Тұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында ҚР Президенті жүлдесі үшін шағын футболдан турнир өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Конституция күніне орай тұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президент баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Құрметті журналистер, БАҚ өкілдері! 2019 жылдың 30 тамызында Нұр-Сұлтанқаласындағы »Астана Арена« стадионында ҚР Конституция күніне орайтұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіүшін шағын футболдан республикалық турнир өтеді», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегіпарақшасында.

Оның айтуынша, турнирдің мақсаты – БАҚ қызметкерлеріарасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достыққарым-қатынасты нығайту.
Жарысты ҚР Президентінің баспасөз қызметі ұйымдастырады. Турниргееліміздің БАҚ өкілдерінен құралған шығармашылық топ командалары қатыса алады. Қатысатынбарлық команда саны 32. Өтініш қабылдаумерзімі 27 тамызға дейін.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар, сондай ақ, арнайыноминациялар бойынша үздік атанған ойыншылар үшін қаржылай сыйлық бар.


Соңғы жаңалықтар