Тұңғыш рет Бас мүфтидің жүлдесі үшін қазақша күрестен дүбірлі дода өткізілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 - Дін мен Дәстүр жылына орай Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақша күрестен түйе палуандар арасында жарыс өтеді, деп хабарлайды muslim.kz.

Жарысқа 18 жастан асқан, салмағы 74 кг жоғары әуесқой спортшылар қатыса алады.

Жарыс 11 мамыр күні Қазақ жол қатынастар университетінің спорт залында (Алматы қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, Жетісу-1 ықшамауданы, 32 а) өтеді.

Тіркелу мамыр айының 5 күні сағат 14:00-ден 18:00-ге дейнгі аралықта, Таугүл-3 мешітінде өткізіледі. Тіркелуші спортшылар өздерімен бірге төлқұжаттарын ала келулері тиіс.

Байланыс тел: 7 701 308 05 04

Жүлде қоры: I орын жүлдесі, умра қажылық сапары II орын, теледидар (250 000 теңге) III орын, екі спортшыға ноутбук (150 000 теңге)