TurkmenAlem52E геостационарлық спутнигін Түркіменстан үкіметінің тапсырысымен Thales SA және Finmeccanica SpA бірлескен кәсіпорнының Thales Alenia Space компаниясы жасап шығарды.
TurkmenAlem52E Түркіменстаннынң тұңғыш телекоммуникациялық ғарыштық аппараты болды. Ол 1,2 млрд.-тан астам адам тұратын Орталық Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аумағында телехабарлар жүргізуге және басқа да байланыс қызметтерін көрсетуге пайдаланылмақ.